Азиада-2023: Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен финалға жолдама алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

спорт
Фото: instagram.com/kazakhstan__wrestling

Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта ирандық Саед Сохрабимен белдесті.


Мейіржан 2:9 есебімен жеңіліп жатып, қарсыласының қос жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіп кетті.


М.Шермаханбет финалда жапон балуаны Кацуаки Эндомен алтын жүлдені сарапқа салады.


Сондай-ақ Айдос Сұлтанғали (60 кг), Азат Садықов (77 кг), Мақсат Сайлау (87 кг) қола жүлде үшін кілемге шығады.


Финалдық бәсекелер Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қамшыбек Қоңқабаевтың Азия ойындарының финалына шығып, олимпиада жолдамасына ие болғанын жазған едік.
 

Соңғы жаңалықтар