Азиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы плей-оффқа бірінші орынмен шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде соңғы матчын өткізді.

Азиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы плей-оффқа бірінші орынмен шықты
Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы шешуші ойында Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасты. Қарсыластар ойынның бірінші кезеңінде есеп ашты.

Тартысқа толы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Үшінші кезеңнің соңғы минуттарында Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты. 

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі ойындарын жеңіліссіз өткізіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. 

Бұған дейін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар