10:11, 05 Ақпан 2025 | GMT +5
Азиада-2025: Қазақстан құрамасы керлингтен екінші ойында жеңіліс тапты
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық керлингшілер аралас командалар арасындағы екінші ойында жеңіліс тапты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан атынан Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев өнер көрсетіп жатыр.
Отандастарымыз топтық кезеңнің екінші ойынында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, матчты 0:12 есебімен аяқтады.
Ендігі Қазақстан құрамасы В тобында бесінші орында тұр.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары 5 ақпан күні Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының керлинг және шайбалы хоккей спортынан сынға түседі.