Азиада-2025: Қазақстан спортшыларының 10 ақпандағы жарыс кестесі

ХАРБИН. KAZINFORM — 10 ақпан күні Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында төрт спорт түрінен сынға түседі.

Азиада-2025: Қазақстан спортшыларының 10 ақпандағы жарыс кестесі
Фото: Сали Сабиров

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:

Конькимен жүгіру:

10 ақпан, 9:00. Финал. 500 метр (Ерлер)

10 ақпан, 10:02. Финал. 3000 метр (Әйелдер)

10 ақпан, 11:07. Финал. Командалық із қуу (Ерлер)

Керлинг:

10 ақпан, 6:00. Топтық кезең . Қытайлық Тайбэй — Қазақстан (Әйелдер)

10 ақпан, 16:00. Топтық кезең. Қазақстан — Қытай (Әйелдер)

10 ақпан, 6:00. Топтық кезең . Қазақстан — Филиппин (Ерлер)

Шайбалы хоккей:

10 ақпан, 09:00. Топтық кезең. Қазақстан — Корея (Ерлер)

Шаңғы жарысы:

10 ақпан, 8:00. Финал. 10 шақырымға еркін стилде сырғанау (Ерлер)

Фристайл:

10 ақпан, 8:00. Финал. Командалық аралас акробатика (Әйелдер)

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының екінші жарыс күнінде ел қоржынына 4 медаль салды.

Соңғы жаңалықтар