Азиада-2025: қазақстандық спортшылардың 8 ақпандағы жарыс кестесі
ХАРБИН. KAZINFORM — 8 ақпан күні Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында бес спорт түрінен сынға түседі.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:
Шорт-трек:
8 ақпан, 7:00. Финал. 2000 метр Аралас командалық эстафета
8 ақпан, 7:27. Жартылай финал. 1500 метр (Әйелдер)
8 ақпан, 7:43. Жартылай финал. 1500 метр (Ерлер)
8 ақпан, 8:18. Финал. 500 метр (Әйелдер)
8 ақпан, 8:34. финал. 500 метр (Ерлер)
8 ақпан, 8:56. Жартылай финал. 1000 метр (Әйелдер)
8 ақпан, 9:08. Жартылай финал. 1000 метр (Ерлер)
Шайбалы хоккей:
8 ақпан, 6:00. Қазақстан-Жапония.
Тау шаңғысы:
8 ақпан, 9:00. Слалом (Әйелдер);
Шаңғы:
8 ақпан, 8:00–11:31. Спринт. (Ерлер және Әйелдер)
Конькимен жүгіру:
8 ақпан, 8:00. Конькимен жүгіру, 100 метр (Әйелдер);
8 ақпан, 13:00. Конькимен жүгіру, 100 метр (Ерлер);
8 ақпан, 10:30. Конькимен жүгіру, 1500 метр (Әйелдер);
8 ақпан, 11:39. Конькимен жүгіру, 1500 метр (Ерлер).
Айта кетейік, 7 ақпан күні кеште Харбинде қысқы Азия ойындарының алауы жағылды.
Қысқы Азиадаға Қазақстаннан 137 спортшы қатысады. Жарыстар Харбин қаласында және Ябули тау шаңғы курортында өтеді.