Харбинде қысқы Азия ойындарының алауы жағылды

ХАРБИН.KAZINFORM – Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының бас алауы жағылды.

Харбинде қысқы Азия ойындарының алауы жағылды
Фото: weibo.com

Салтанатты ашылу рәсімі Харбин халықаралық конференция, көрме және спорт орталығында өтті. 80 минутқа созылған шара үш бөлікке бөлініп, қар-мұз спортының рухани байлығынан сыр шертті.

Харбинде қысқы Азия ойындарының алауы жағылды
Фото: Сәли Сабиров (ҰОК)

Екінші бөлікте, спортшылардың стадионға кіру рәсімі мен ту шығару рәсімі шамамен 50 минутқа созылады.

Соңында қысқы Азия ойындарының бас алауы Харбин қар-мұз әлемі қалашығында жағылды.

Харбинде қысқы Азия ойындарының алауы жағылды
Фото: weibo.com
Харбинде қысқы Азия ойындарының алауы жағылды
Фото: weibo.com

Салтанатты шараға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари, Таиланд премьер-министрі Пхетхонгтхан Чинават,Корея Ұлттық ассамблея спикері У Вон Сик, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах және Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) бірінші вице-президенті Тимоти Фолк Янг-Тинг қатысты.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан делегациясы алаңға 12- болып кірді. хоккейші Әділ Бекетаев және шорт-трекші Ольга Тихонова Қазақстан құрамасының туын ұстап шықты.

Айта кетейік, Қысқы Азиадаға Қазақстаннан 137 спортшы қатысады. Жарыстар Харбин қаласында және Ябули тау шаңғы курортында өтеді.

Сондай-ақ, додаға Азияның 34 елінен/аймақтарынан барлығы 1275 спортшы (755 ер, 520 әйел) қатысып, рекордтық көрсеткішке жетті.

Соңғы жаңалықтар