Азиада-2025: Керлингтен Қазақстан қыздар құрамасы Қатарды ірі есеппен жеңді
ХАРБИН.KAZINFORM – Керлингтен Қазақстан қыздар құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарындағы жарыс жолын жалғастыруда.

Қазақстандық қыздар топтық кезеңнің 9-сессиясында Қатар құрамасымен шеберлік байқасты. Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер және Регина Эбауер жарыс жолына шықты.
Қортындысында, қыздарымыз қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермей, 12:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қыздар құрамасының топтық кезеңдегі бесінші матчы және үшінші жеңісі. Осыған дейін, қыздарымыз жапондықтарға 4:10 есебімен жол берсе, Тайбэй құрамасын 14:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кеше жарыс қожайыны Қытай құрамасымен ойында, Қазақстан құрамасы 4:11 есебімен жеңіліс тапты. Алайда, бүгінгі Филиппин құрамасымен тартысты ойын өткізіп, соңғы кезеңде жеңісті жұлып алды.