Азиада-2026: Абдурашид Абдуллаев ел қоржынына күміс медаль салды

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды. 

Азиада-2026: Абдурашид Абдуллаев ел қоржынына күміс медаль салды
Фото: ҰОК

Отандасымыз ерлер арасында ушу-санда спортынан 75 келі салмақта өнер көрсетті.

Ақтық сында Абдурашид Абдуллаев ирандық спортшы Мусави Сохейлмен айқасты.

Екі раунд қортындысы бойынша отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 7 алтын, 5 күміс және 8 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Азиададағы бокс бәсекесі басталды. Қазақстан құрамасының спортшылары 11 салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып, жүлдеге таласады.