Азиада-2026: Қадырбек Шынбаев ел қоржынына алтыншы алтын жүлде сыйлады

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атпнды.

Қадырбек Шынбаев
Фото: ҰОК

Отандасымыз ерлер арасында (71кг) заманауый стилде өнер көрсетіп, ақтық сында Тәжікстан өкілі Хуршедзода Бехрузден 3:0 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл жүлде Қазақстан құрамасының осы Азиададағы екінші алтын медалі. Осыған дейін Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі стилде 77 келі салмақта топ жарған болатын.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.