Азиада-2026: Қазақстандық әртістік жүзушілер қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының әйелдер арасындағы дуэті Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Азиада-2026: Қазақстандық әртістік жүзушілер қола медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай/ҰОК

Қазақстандық спортшылар Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды. 

Азиада-2026: Қазақстандық әртістік жүзушілер қола медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай/ҰОК

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық жұп 286,0826 ұпай жинап, үшінші орын алды. Алтын медальді 322,8468 ұпай жинаған Қытай өкілдері Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйян жеңіп алды. Күміс жүлде 291,7134 ұпаймен жапониялық Моэ Хига мен Томока Сатоға бұйырды.

Қазақстандықтар екінші орын алған жапониялық жұптан 5,6308 ұпайға қалып қойды.

Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Қазақстанға тоғызыншы алтынды сыйлады.

Ал қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.