Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 19 қыркүйектегі жарыс кестесі

АСТАНА. KAZINFORM — 19 қыркүйекте Аичи және Нагояда (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 19 қыркүйектегі жарыс кестесі
Фото: ҰОК

Сондай-ақ осы күні Қазақстан құрамасы гандболдан жарысты бастайды.

Кестеде Астана уақыты көрсетілген.

Спорт түрі: Гандбол, әйелдер. Бірінші ойын (топтық кезең)

Кімдер: Қазақстан – Қытай

Басталуы: 06:00

XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты

Басталуы: 14:00

Бұдан бұрын 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстанның туы көтерілгенін жазғанбыз.