Азиада-2026: Рината Сұлтанова омниумнан күміс медальға қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында омниум сайысынан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Тректегі велоспорттан өткен төрт кезеңнің қорытындысы бойынша отандасымыз 133 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Жапониялық Юми Кадзихара 136 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанса, Гонконг өкілі Ли Сзе Винг 124 ұпаймен қола медаль иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Рината Сұлтанова Азиада-2026 ойындарында тасжолдағы жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын.
Осыдан бұрын Екатерина Токарева ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.