Азиада: Әділбек Мусин екінші мәрте қола алды

Қазақстандық суға жүзуші Әділбек Мусин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында ерлер арасында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мусин
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы аталған сайыс түрінде еліміздің атынан жалғыз өзі сынға түсті. Нәтижесінде мәреге үшінші болып келді.

Бұл - Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына түскен 22-медаль.

Еске салсақ, ол бұдан бұрын 100 метрге butterfly әдісімен жүзуде 51.98 уақыт көрсеткішімен үшінші болып келді.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Еліміздің атынан дүбірлі додада 30 спорт түрінен 524 қазақстандық (262 ер, 262 әйел) саңлақ бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар