АЗИАДА: Қазақстандық биатлоншылар эстафеталық жарыста ел қоржынына 29-алтын медальды салды

АТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматы облысындағы Солдат шатқалындағ шаңғы-биатлон стадионында биатлоннан 7-қысқы Азия ойындарындағы ерлер арасындағы ақтық 4х7,5 шақырымдық эстафета жарысы аяқталды.
None
None

Оған Қазақстан, Корея, Қытай және Жапония командалары қатысқан болатын. Бұл сайыста ел намысын Александр Червяков, Николай Брайченко, Ян Савицкий пен Диас Кенешев қорғады. Александр 2 шепте де барлық нысананы мүлт жібермей алғашқы айналымды жапондық Дзундзи Нагайды 52.5 секунд, корейлік Жи Ук Дзунды 1:10.9 секунд, қытайлық Лон Ренді 1:19.0 секундқа артқа тастады. Екінші айналымда Николай жарыс жолын 39:41.4 секундта аяқтап жапондықтардан 1:09.4, қытайлықтардан 2:12.1, корейліктерден 2:25.0 секундқа ұзап кетті. Үшінші айналымда Ян бұл айырмашылықты жапондықтармен 1:48.0, қытайлықтармен 3:56:7, корейліктермен 6:45:5 секундқа дейін ұзартты. Ал ақырғы айналымда Диас 1:21:03.5 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші кесіп өтіп, Қазақстандық биатлоншылар ел қоржынына 29-алтын медальды салды. Күміс жүлдені Азия чемпиондарынан 2:18.5 секунд кешіккен Жапония (Junji Nagai, Hidenori Isa, Kazuya Inomata, Satoru Abe), ал қола жүлдені 5:08.6 секунд қалып қойған Қытай (Long Ren, Chengye Zhang, Haibin Chen, Zhonghai Li), спортшылары алды. Кореялықтар (Je Uk Jun, Inbok Lee, Suyoung Lee, Jungsik Lee) соңғы 4-орынды қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар