Әзірбайжан Батыс Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі - ӘР экономикалық даму министрінің орынбасары Н.Сафаров

БАКУ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Батыс Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы бүгін Бакуде Қазақстан-Әзірбайжан бизнес-форумында сөз сөйлеген ӘР экономикалық даму министрінің орынбасары Ниязи Сафаров мәлім етті.
None
None

«Екі ел арасында тығыз құқықтық-келісім базасы қалыптасқан. Бүгінде Әзірбайжанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 40-қа жуық компания қызмет етуде, әзірбайжандық бизнесмендер Қазақстанда жемісті еңбек етіп жатыр», - деді Н.Сафаров.

Оның айтуынша, Атыраумен арадағы агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру және т.б. ынтымақтастықтың перспективасы мол салалары ретінде сипаттауға болады.

Атырау қаласының әкімі С.Айдарбеков әзірбайжандық компанияларды аймақтың болашағы зор жобаларына инвестиция құюға шақырды..

«Атырау Қазақстанның мұнайлы астанасы саналады. Сапардың мақсаты -ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, түрлі салаларда тәжірибемен алмасу Бізді мұнай-химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б.. бойынша Әзірбайжанның тәжірибесі қызықтырады», - деп атап өтті С.Айдарбеков.

Соңғы жаңалықтар