07:30, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Әзірбайжан мен Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық бағыттарын анықтады
БАКУ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Кеше Әзірбайжанның қорғаныстық өнеркәсіп министрлігінде министрлік басшылығы Бакуге ресми сапармен келген Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов бастаған делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан тарапы Әзірбайжанның қорғаныстық өнеркәсіп министрлігінің кәсіпорындары жасайтын қорғаныс саласына қажетті өнімдерге мүдделілік танытатындығы айтылды. Сонымен қатар, екі ел арасында қорғаныстық өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық бағыттары анықталып, ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
Сапар аясында құрамына «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті Вадим Шақшабаев пен Әзірбайжандағы Қазақстан елшілігі жанындағы әскери атташесі Марат Баталов кірген Қазақстан делегациясы қорғаныстық өнеркәсіп министрлігінің бірнеше кәсіпорындарында өндірістік үрдерістермен таныс болды.