Әзірбайжан Президенті Елбасы Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады
БАКУ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Қазақстанның ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күніне орай менің шынайы құттықтауым мен ізгі ниетті тілегімді қабыл алыңыз. Бүгінде достас Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, елді әлеуметтік-экономикалық дамыту жолына сенімді қадам басып келеді. Қазақстан әлемдік қоғамдастықта да лайықты орын алып отыр. Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы достық пен мемлекетаралық қарым-қатынастардағы өзара қолдау әрі стратегиялық серіктестік дәстүрлеріне негізделген және алдағы уақыттарда да біздің халықтарымыз бен елдеріміздің мүдесіне қызмет ете беретіндігіне сенімдімін», - делінген құттықтауда.
Сондай-ақ И.Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт және сәттілік, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен өрлеу тілеген.