Әзірбайжанда бүкілхалықтық референдум өтеді

БАКУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Наурыздың 18-інде Әзірбайжанда ел Конституциясына өзгертулер енгізу мәселесі бойынша билік жүргізуші «Ени Әзірбайжан» партиясының бастамашылығымен бүкілхалықтық референдум өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Партия ұсынып отырған өзгертулердің қатарында «екі мерзімнен артық Әзірбайжан Республикасының президенті болып ешкім сайлана алмайды» делінген Конституцияның 101-ші бабы 5-ші тармағының қазіргі редакциясын алып тастап, оны «егер соғыс жағдайында әскери операциялар жүргізу ісі кезекті президенттік сайлау өткізуге мүмкіндік бермейтіндіктен, ол операцияларды аяқтау үшін елдің сол кезеңдегі басшысының өкілеттігін ұзартуды» қарастырған нұсқамен ауыстыру туралы ұсыныс бар. Оған қоса, Конституцияға 29 бап бойынша 41 түзету енгізу жоспарлануда. Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, референдум барысына мониторинг жүргізу үшін қазіргі уақытта 132 халықаралық байқаушы өтіп отыр. «Байқаушылардың ең үлкен тобы ? 42 адам ? ТМД-ның атынан, 30 адам - Еуроодақтың Парламенттік Ассамблеясынан атынан тіркелген. Әзірбайжандағы шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінен аттарынан да байқаушылар баршылық», деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясынан.
Соңғы жаңалықтар
Референдум