09:31, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Әзірбайжанда президент сайлауы өтіп жатыр
БАКУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Әзірбайжанда президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелерінде дауыс беру 11 сағатқа созылып, жергілікті уақыт бойынша 19:00-ге (мәскеу уақытымен 18:00) дейін жалғасады,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, дауыс беруге 5,1 миллионнан астам әзірбайжандық қатысуы мүмкін. Ол үшін елдің 125 округінде ашылған 5492 учаске жұмыс істейді. Сондай-ақ, елдің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде де дауыс беруге болады.
Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге 10 үміткердің тізімі жазылған бюллетень беріледі. Ол тізімнен бір үміткердің есімі белгіленуі керек. Егер ондай белгілеу болмаса немесе бірнешеу болса, онда бюллетень жарамсыз деп танылады.