Әзірбайжандағы Елшілікте Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу бойынша салтанатты қабылдау болып өтті

БАКУ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше кешке Баку қаласындағы Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу бойынша салтанатты қабылдау болып өтті.

Әзірбайжандағы Елшілікте Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу бойынша салтанатты қабылдау болып өтті

Шараға Әзірбайжанның танымал және беделді қоғам қайраткерлері мен мәдениет өкілдері, сондай-ақ «Қазақстан-Әзірбайжан» достық қоғамының мүшелері қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Серік Пірімбетов қонақтарды біздің еліміздің экономикалық және саяси салалардағы жетістіктерімен таныстырып, бұл ретте Президент Н.Ә.Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

Бұдан басқа, әзірбайжандықтар танымал қазақ әндерін, сондай-ақ Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және Қазақстанның тағы басқа танымал қайраткерлерінің өлеңдерін орындады.

Қабылдауда сондай-ақ Н.Назарбаев жазған кітаптар және Елбасы туралы әдебиет, еліміздің табиғаты мен қалалары бейнеленген фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.