«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нурболат Ахметжанов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қорық-музейдің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Нурболат Қадырұлы Ахметжанов конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы қызметіне 2017 жылғы 5 қыркүйектен бастап тағайындалды.
null

Музей ұжымына жаңа басшыны Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев таныстырды.

Осы уақытқа дейін «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне басшылық еткен Жандос Әубәкір «ҚазҚайтаЖаңғырту» мекемесіне директор болып тағайындалды.

 

Соңғы жаңалықтар