«АЗИЯ АВТО» биыл «KIA Sorento» көлігін шығаруды бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «АЗИЯ АВТО» көлік құрастыру зауыты 2015 жылы жаңа кроссовер «KIA Sorento» көлігін шығара бастайды, деп жазады bipek.kz.
None
None

Қаңтарда қазақстандықтар үшінші буынның отандық үлгідегі орташа көлемді жол талғамайтын көлігін сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Қазақстандық «АЗИЯ АВТО» көлік құрастыру зауыты Кореядан тыс жерге жаңа көліктерді сатылымға шығарған алғашқы өндіруші болып табылады.

KIA Motors Қазақстан нарығында 2014 жылды ерекше табыспен аяқтады. KIA бренді біздің елде «шетелдік көлік» сегментінде алғаш рет көшбасшылық орынды еншіледі.

KIA көлігінің жаңа иелерінің үлес мөлшері 49 пайызға жеткен, өткізу көлемі рекордтық 17 709 бірлікті қамтиды. Бренд Қазақстан нарығында пайда болған тарихында премьералар сериясын ашпақ. Оның алғашқысы жаңа KIA Sorento көлігі. Үлгіні Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО» АҚ өндіре бастады.

Соңғы жаңалықтар