14:31, 23 Қаңтар 2013 | GMT +5
«Азия Авто» зауыты Қазақстанның үздік экологиялық кәсіпорындарының көшін бастады
ӨСКЕМЕН. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - «Азия Авто» зауыты Қазақстанның экологиялық-энергетикалық рейтингінде бірінші орынға ие болды.

2013 жылдың қаңтарында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі отандық өндірушілердің қызметіне экологиялық-энергетикалық тиімділік, жабдықтардың технологиялық тиімділігі, тиімділік қарқыны мен есептіліктің ашықтығы критерийлері бойынша бағасын берді.
Зерттеу қорытындылары бойынша, «Азия Авто» АҚ жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша №1 кәсіпорын болып танылды. Осылайша, зауыттың эко-энергетикалық тиімділігі орташа қазақстандық кәсіпорынның осыған ұқсас сипаттамаларынан 11,5 есеге асады.