«Азия Авто» зауыты Skoda-ның жаңа модельдерін шығара бастады
Компаниядан хабарлағандай, Skoda маркасына деген сұраныс биыл артқан. 2014 жылдың қаңтарынан қазанына дейін сатылған көліктер саны 43% артқан. 2015 жылдың ақпанынан қазақстандықтар Skoda-ның оннан астам автомобиль модельдері мен модификацияларына қол жеткізе алады.
«Азия Авто» АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың сөзіне қарағанда, зауытта Skoda-ның жаңа модельдері құрастырыла бастады.
«Бүгін Skoda Қазақстанда жақсы сатылатын автомобильдердің ондығына енген. Қаңтар-қазан айларында шығарылған өнімнің 21% жуығы Skoda үлесі. Аталған маркаға деген сұраныстың артуы ағымдағы жылдың шілде айында Rapid Spacebask хэтчбегін, Octavia RS лифтбэктерін және Octavia 1.6 MPI құрастыра бастауымен байланысты. Жаңа көлік иелерінің көбі Rapid-ті таңдаған. Бүгінде бұл еуропалық модель Қазақстан нарығында бірінші орында.
Жаңа модельдер 2015 жылдың ақпанынан сатыла бастайды деп жоспарланған.