«Азия Автоның» өндірістік қуатын іске асыруға дайын инвесторлар бар – министр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Азия Автоның» өндірістік қуатын тиімді пайдалануға қатысты түсінік берді.

Ерсайын Нағаспаев
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

- Былтыр оған қатысты сот болды. Қазір компанияның нысандарын пайдалануға қатысты мәселені қарастырамыз. Ол жерде тиісті база мен жұмысшылар бар, - Е. Нағаспаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сол жердегі жобаны ары қарай қаржыландыруға дайын әлеуетті инвесторлар байқалып отыр.

- Қазақстаннан инвесторлар бар. Бұл жөнінде алдағы уақытта жариялаймыз, - деді министр.

Айта кетейік, былтыр «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында Мәжілісте «Азия Авто» компаниясының өндірістік қуатын ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға бағыттау туралы ұсыныс көтерілген еді. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум