12:35, 16 Мамыр 2024 | GMT +5
Азия чемпионаты: алғашқы жарыс күнінде үш таеквондошымыз бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Дананг қаласында (Вьетнам) таеквондодан Азия чемпионаты басталады. Жарыс жолына үш отандасымыз шығады.

Нақтырақ айтар болсақ, 63 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Ғазез өзбекстандық Әмірбек Тұраевпен шеберлік байқасады. Ал, 53 келіде жарыс жолына шығатын Айдана Сүндетбай филиппиндік Джессика Канабалмен кім мықтыны анықтайды. 54 келіде ел намысын қорғайтын Бектөре Оралханов саудиялық спортшы Абдуллах Яхия Ассиримен кездеседі.
Айта кетейік, 46 келіде бақ сынауы керек болған тағы бір отандасымыз Рита Бакишева салмақ өлшеу рәсімінен өтпей қалды.