12:39, 02 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Азия чемпионаты: Боксшы Алуа Балқыбекова жарыстан шығып қалды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекованың (50 келі) сырқаттануына байланысты Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе-жегінен бас тартуына тура келді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

«Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды», делінген дәрігер анықтамасында.
Айта кетейік, Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Азия чемпионатында жарыс басталмай жатып Қазақстанның 6 медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, қазақстандық екі боксшы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.