Азия чемпионаты: еркін күрестен қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды.

еркін күрестен қазақстандық балуандардың қарсыластары анықталды
Фото: olympic.kz

Құрлықтық додада аталған күрес түрінен қазақстандық он балуан ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Ризабек Айтмұқан, Нұрқожа Қайпанов, Азамат Дәулетбеков сынды спортшылар бар.

Іріктеу

57 келі. Рахат Қалжан — Жеонг Ан (Оңтүстік Корея)
70 келі. Начын Куулар — Ерназар Ахматалиев (Қырғызстан)
97 келі. Ризабек Айтмұхан — Мұхамед Рудансиах (Индонезия)
125 келі. Нұрсұлтан Азов — Таики Ямамото (Жапония)
1/8 айналым
65 келі. Нұрсұлтан Садық — Жунсик Юн (Оңтүстік Корея)
74 келі. Нұрқожа Қайпанов — Магомедрасул Аслуев (Бахрейн)
Ширек финал
61 келі. Мұхамед Балғабай — Жамшид Шафаров (Тәжікстан)/Ванхао Зу (Қытай)
79 келі. Дәулет Ергеш — Какамират Аширов (Түркменстан)/Махди Мұхаммед Юсефихаджав (Иран)
86 келі. Болат Сақаев — Батбилгун Наадамбат (Моңғолия)/Салимжони Халимзода (Тәжікстан)
92 келі. Азамат Дәулетбеков — Лин Зушен (Қытай)

Ертең 57, 65, 70, 79, 97 кг дейінгі салмақтағы үздіктер анықталады. Қалған 5 салмақтағылар 30 наурызда бозкілемге шығады. Азия чемпионатын елімізде Qazsport пен Sport + телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздің грек-рим күресінен құрамасы екі күміс, екі қола медаль алды.

Сондай-ақ әйелдер күресінен қазақстандық балуандар бір алтын, бір қола жүлдеге қол жеткізді.