Азия чемпионаты финалына қай елден қанша боксшы шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қай елден қанша боксшы финалға шыққаны белгілі болды.

бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Құрлықтық додада қазақстандық 8 боксшы алтын медальға таласатын болды. Бұл жөнінен ел құрамасы жалпы есепте Үндістанмен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Сондай-ақ Азия чемпионатында Өзбекстан - 7, Солтүстік Корея мен Қытай -3, Тайпей, Моңғолия, Таиланд, Иордания, Жапония -2, Тәжікстан -1 үздігіне үміт артады.

Құрлықтық додада енді еліміздің атынан ерлерде Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) финалда сынға түссе, әйелдерде Бақыт Сейдіш (70 келі), Надежда Рябец (80 келі), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Азия чемпионатының финалы 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар