Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан ерлер құрамасы екінші мәрте жеңілді
Бахрейннің Манама қаласында гандболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші мәрте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық гандболшылар D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі және Гонконг.
Қазақстандық гандболшылар бүгін Біріккен Араб Әмірлігі құрамасына 15:39 есебімен жеңіліп қалды.
Енді ел құрамасы 15 қаңтарда Гонконгпен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық гандболшылар Бахрейннен 13:47 есебімен жеңілді.
Айта кетсек, құрлықтық дода нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін әлем чемпионатына 4 құрама жолдама алады.
Бахрейн осыған дейін Азия чемпионатын 1993, 2014 және 2016 жылы қабылдаған. Қазіргі чемпион – Қатар қатарынан 5 Азия чемпионатында (2014, 2016, 2018, 2020 мен 2022 жылы) топ жарды.