Азия чемпионаты: Қазақстан паратаэквондо құрамасы 5 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Паратаэквондо (пумсэ) бойынша құрлықтық дода Малайзияның Кучинг қаласында өтті.

паратаэквондо
Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

Құрлықтық додаға тәжірибелі параспортшылар қатысты. Онда отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. 

Жарыс қорытындысы Ахметкерей Абзал (Р31 санаты) пен Овсепян Карен (Р33 санаты) чемпион атанды. Оған қоса Жәнібек Елдос (Р34 санаты) пен Серіков Дәурен (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Расқалиев Айдарбек (Р21 санаты) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетсек, Астанада таэквондодан халықаралық Kazakhstan Open турнирі өтеді.

Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (World Taekwondo) ресми күнтізбесіне енген жарыс үш жас санатын қамтиды. Онда жасөспірімдер, жастар және ересектер сынға түседі. Оған 750-ден астам спортшы қатысатынын растады.

Дүбірлі додаға Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебедегі (AIN) спортшылар келеді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар