20:45, 08 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Азия чемпионаты: Қазақстандық гандболшылар қолаға таласады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге таласады.

Қазақстандық гандболшылар бүгін жартылай финалда Жапонияға 23:30 есебімен есе жіберді.
Топтық кеезңде ел құрамасы А тобында сынға түсті. Бұл кезеңде Қытайды 28:26, Сингапурды 38:7 есебімен тізе бүктірді.
Енді ел құрамасы 10 желтоқсанда қола үшін Иранмен шеберлік байқасады.
Сол күні финалда Оңтүстік Корея мен Жапония сынға түседі.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2010 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдегер атанды.
Еске салсақ, олар былтыр әлем чемпионатында жалпы есепте 30-орынды місе тұтты.