16:31, 26 Тамыз 2025 | GMT +5
Азия чемпионаты: Қазақстандық мерген үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз ақтық сында бақ сынады.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, әйелдер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Елизавета Безрукова 8-сатыға жайғасты. Оның ұпай саны 401.3.

Отандасымыз финалға дейін өткен іріктеуде 584 ұпай жинап, үздік сегіз мергеннің қатарына кірген.
Қалған спортшыларымыздың іріктеудегі нәтижесі:
Александра Ле 10-орын (584 ұпай)
Арина Малиновская 29-орын (571 ұпай)
Осы жаттығуда командалық есепте Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орыннан көрінді.
Айта кетейік, Шымкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық мергендер күміс жүлде алды.