Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай Тәжікстан боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыстың жетінші күні Қазақстаннан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай шықты.

Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай Тәжікстан боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Мехрон Шафиевпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Санжар жылдам қимылдап, соққыларын дәл дарыта білді – 5:0.

Екінші кезеңде тәжікстандық боксшы өршелене алға ұмтылды. Бірақ раунд соңында нокдаун алып қалды. Бұл жолы бес төрешінің төртеуі Санжар басым деп тапты. Қорытынды есеп – 5:0.

Бүгін Қазақстан ерлер құрамасынан тағы төрт боксшы жартылай финал жолдамасы үшін айқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыстың жетінші күні кімдер шығатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар