Азия чемпионаты: Зейнеп Баянова әйелдер құрамасына алғашқы медальді алып берді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова (53 келі) Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Зейнеп Баянова  қола алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Зейнеп кіші финалда моңғолиялық спортшы Отгонтуя Чинболдтан 10:4 есебімен басым түсті.

Екі палуан бозкілемде үшінші мәрте кездесіп отыр. Былтыр 23 жасқа дейінгі жастар арасында сары Азия чемпионаты жартылай финалында, әлем чемпионатында шеберлік байқасты. Екеуінде моңғолиялық балуан жеңіске жетті. Бұл жолы Зейнеп айласын асырып кетті.

Бұл - әйелдер күресінен Аммандағы осы чемпионатта команда қоржынына түскен алғашқы медаль.

Сондай- ақ бүгін финалда Жәмилә Бақбергенова (72 келі) алтынға таласады.

 

Соңғы жаңалықтар