Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың жекпе -жектері қай уақытта басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске салсақ, құрлықтық доданың финалдық жекпе-жектері 13 және 14 наурыз күндеріне белгіленген. Онда еліміздің атынан барлығы 27 спортшы бақ сынайды.

Жасөспірім ұлдар мен қыздар 13 наурыз күні шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер елорда уақытымен 17:00-де басталады.

Ал 14 наурызда жастар елорда уақытымен 17:00-де бәсекені бастайды.

Бұдан бұрын Азия чемпионатында финалға шыққан қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталғаны хабарланды.
Соңғы жаңалықтар