Азия чемпионаты: Тағы бір боксшы қызымыз финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық тағы бір ару финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Осыған дейін қыздар арасынан алғашқы болып финалға Мадина Нұршаева (64 кг) шыққан болатын . Ол жартылай финалда таиландтық Лаопим Пимвилайды жеңген еді.

Артынша 69 келі салмақта ел намысын қорғаған Валентина Хальзова да қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды. Хальзова жартылай финалда үндістандық боксшы қыз Ловлино Боргоайнды жеңді.

null 

Ал 75 келі салмақта сынға түскен Дариға Шәкімова қытайлық Ли Киандан,  81 келі салмақтағы Мөлдір Базарбаева қытайлық Янг Ксияолиден ұтылып қалса,  +81 келілік Ләззәт Күнгейбаева вьетнамдық Ни Транға есе жібрді. Осылайша үш боксшымыз жартылай финалда қарсыластарынан жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, «қоланы» місе тұтқан болатын . Осылайша әзірге Қазақстан қоржынында төрт қола медаль бар.

null 

Ертең Мадина Нұршаева мен  Валентина Хальзова алтын жүлде үшін таласады.

Соңғы жаңалықтар
telegram