Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санжар 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдылығымен өтіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті 19 жастағы Санжар Тәшкенбайға берді.

С.Тәшкенбай жастар арасында әлем және Азия чемпионы болса, қарсыласы да осал емес. Ол биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігінде топ жарған.

Осылайша, Санжар командаласы Санатәлі Төлтаевтың кеткен есесін қайтарды. С.Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Руслан Абдуллаевтан ұтылып қалған болатын.

Бүгін рингке шыққан үш қазақстандық боксшы да жекпе-жектерін сәтті өткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатын Серік Теміржановтың жеңіспен бастағанын, Сәкен Бибосыновтың бастапқы кездесуін сәтті өткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының ¼ финалына өтті.

Азия чемпионатында бүгін қазақстандық үш боксшының рингке шығатыны хабарланды.

Бокстан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов ширек финалға жолдама алды.

Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокаутпен жеңді.



Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар