Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 3 күміс, 1 қола алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 3 күміс, 1 қола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың төртінші күнінде грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жасстар сынға түсті. Олардың арасынан қазақстандық үш балуан финалда күш сынасса, біреуі қола жүлдені сарапқа салды.

​ Финалға шыққан Айбек Айтбеков (55 келі), Юсуф Ашрафов (60 келі) және Нұрасыл Аманалы (87 келі) қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ал​ 130 келідегі Жохар Узаров қола үшін болған таласта Палестина балуанын ұтты.

Енді 16 шілдеде U20 грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 келіде жүлделер сарапқа салынады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды.

Сондай-ақ,құрлықтық додада грек-рим күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 8 медаль алды.

Ал қазақстандық екі балуан еркін күрестен Азия чемпионы атанды.

Сурет - Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар