Азия чемпионатында қазақстандық жеті боксшы медаль үшін сынға түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандық жеті боксшы медаль үшін сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алтыншы күні елорда уақытымен сағат 16.00-де Махмуд Сабырхан (54 кг) алғашқы болып рингке шығады.

Оның қарсыласы – моңғолиялыық Дорьныамбуу Ганболд.

Күндізгі сессияда бесінше жұпта Серік Теміржанов (57 кг) иорданиялық Юсеф Иашашты сынап көреді.

Оныншы жекпе-жекте Саматәлі Төлтаев (60 кг) қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен қолға түйістіреді.

Кешкі сессия сағат 21.00-де басталып, төртінші кезек Санжар Тәшкенбайға (48 кг) тиеді. Ол қырғызстандық Мирлан Туркбай уулумен жұдырықтасады. 11-жұпта Дулат Бекбауов (67 кг) тағы бір қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен бәсекеге түседі.

Сондай-ақ бүгін қазақстандық қыздар да бокстасады. Алуа Балқыбекова (48 кг) таиландтық Тхипсатча Йодваримен, Римма Волосенко (60 кг) моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргалмен шеберлік байқасады.

Азия біріншілігінде әзірге Қазақстаннан үш боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында 19 жастағы Санжар Тәшкенбайдың өзбекстандық боксшыны ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жазира Орақбаева жартылай финалға жолдама алды.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.

Карина Ибрагимова жүлдегерлер қатарына қосылды.

Сәкен Бибосынов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Сәкен Бибосынов финалға шығу үшін өзі сияқты әлем чемпионы, жапониялық Томоя Цубоймен таласады.

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түсті.



Фото: assets.telegraphindia.com


















Соңғы жаңалықтар