Азия чемпионы Бақыт Үсенов Қазалыдағы шырша шамын жақты -Қызылорда (ФОТО)

«Биылғы Қой жылы жұлдызымыз жарқырай жанған тарихи жыл болды. Мемлекетіміздің мерейі өсіп, абыройы артты. Қазақта «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген қанатты сөз бар. Біз де Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, берекелі іс пен баянды бақыт күтеміз», деген аудан әкімі Нажмадин Шамұратов тұрғындарға зор денсаулық, табыс пен бақ береке тіледі.
Жаңа жылдық бас шыршаның шамын аудан әкімі Нажмадин Шамұратов пен Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы Бақыт Үсенов, №249 мектеп-лицей оқушысы, Хорватия мемлекетінде өткен «Балотон-АРТ» халықаралық өнер байқауының жүлдегері Мәдина Есқали жақты. Орталық алаңдағы мерекелік думанға 1000-ға жуық халық қатысты.Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.