Азия даму банкі Тәжікстан жобаларына 1,1 миллиард доллар бөледі

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Азия даму банкінің төрағасы Масато Канда стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі меншікті тілшісі.

Азия даму банкі Тәжікстан жобаларына 1,1 миллиард доллар бөледі
Фото: president.tj

Эмомали Рахмон қазіргі ынтымақтастық деңгейін және Банктің Тәжікстанның әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына жетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Ынтымақтастық жылдарында жалпы құны 2,9 миллиард доллар болатын 200-ден астам жоба жүзеге асырылғаны сөз болды. 

– Өткен аптада бекітілген 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Елдік серіктестік стратегиясына ерекше назар аударылды. Оны жүзеге асыруды жеңілдету үшін АДБ Тәжікстан экономикасының негізгі салаларын қолдауға шамамен 1,1 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр, - деді Масато Канда кездесуден кейін өткен брифингіде. 

president.tj
Фото: president.tj

Ол жаңа стратегияға сәйкес банк тұрақты өсім мен халықтың әл-ауқаты мүддесінде динамикалық кәсіпкерлік ортаны дамытуды, инновацияларды ынталандыруды және жаңа жұмыс орындарын құруды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін Тәжікстан халқының демографиялық өсімі 2 пайызға жеткенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум