Азия футбол кубогы: 1/8 финалға жолдама алған құрамалар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогы 1/8 финалына жолдама алған құрамалар белгілі болды.

футбол
Фото: Pixabay

Жарыстың аталған сатысында әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрама мен үшінші орын алғандар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама бақ сынайды.

Олардың қатарында Австралия, Тәжікстан, Ирак, Қатар, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Жапония, Иран, Сирия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Палестина, Иордания, БАӘ, Индонезия құрамалары бар.

1/8 финал ойындары 28-31 қаңтар күні өтеді.

Жарыстың аталған сатысында құрамалар төмендегіше жұп құрады:

Австралия — Индонезия
Тәжікстан — БАӘ
Ирак — Иордания
Қатар — Палестина
Өзбекстан — Таиланд
Сауд Арабиясы — Оңтүстік Корея
Бахрейн — Жапония
Иран — Сирия.

Сондай-ақ биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде), Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) ойындары жалауын көтереді. 

Соңғы жаңалықтар