Азия футбол кубогы: Өзбекстан құрамасы ширек финалға шықты

ДОХА. KAZINFORM - Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында Өзбекстан құрамасы ширек финалға жолдама алды.

футбол
Фото: Pixabay

Өзбекстандық футболшылар 1/8 финалда Таиланд құрамасымен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында олардың қатарынан Азизбек Тургунбоев 37-минутта қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Ойынның 58-минутында таиландтық Супачок Сарачат таразы басын теңестіріп кетті.

Ал 65-минутта Аббосбек Файзуллаев соққан гол Өзбекстан құрамасына жеңіс алып келіп, ширек финалға шығуына мүмкіндік жасады.

Осылайша Өзбекстан қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді олар 3 ақпанда ширек финалда Қатармен жасыл алаңға шығады.

Биыл өзбекстандық футболшылар Азия кубогына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары жетістігі - 2011 жылы алған 4 орын.

Қазірге дейін ширек финалға Австралия, Тәжікстан, Иордания, Қатар құрамалары жолдама алды.

Енді бүгін, 30 қаңтарда 1/8 финалда Сауд Арабиясы мен Оңтүстік Корея, 31 қаңтарда Бахрейн мен Жапония, Иран мен Сирия құрамалары ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Тәжікстан құрамасы ширек финалға шықты.

 

Соңғы жаңалықтар