22:29, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Азия клубтық чемпионатынан қазақстандық таэквондошылар табысты оралды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Уси қаласында өткен таэквондодан Азияның ашық клубтық чемпионатында қазақстандық спортшылар жеті медаль алды.

Қазақстан таэквондо федерациясының хабарлауынша, жарыстың екінші күнінде Дамир Шүленов (68 келі) чемпион атанса, Тамирлан Тілеулес (58 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың алғашқы күні, 29 сәуірде Мария Севостьянова чемпион атанса, Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ Альтаир Өмірбеков (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі) және Нодира Ахмедова (49 келі) қола жүлдегер атанды.
Екі күнге созылған чемпионатты Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде төртінші орынмен аяқтады.
Айта кетсек, турнирге Азияның 14 елінен 219 спортшы қатысты.