Азия ойындары: 3 қазақстандық финалға шықты
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық үш спортшы финалда өнер көрсетеді. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев іріктеу кезеңінде 2-орын алып, финалға жолдама алды.
500 метр қашықтыққа қос байдаркадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева 1:49.240 уақытпен 1-орын алып, финалға шықты.
Ақтық кезеңге сондай-ақ Игорь Ряшенцев пен Андрей Ергучев өтті. Олар 500 метр қашықтыққа қос байдаркадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде 1:38.338 уақытты көрсетіп 2-орын алды.
Ал 1000 метр қашықтыққа каноэда есуден Тимофей Емельянов 4:10.107 уақыт көрсеткішімен 4-орынға ие болып, 1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Еске салайық, бұған дейін 30 қыркүйек күні Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар тізімін ұсынған болатынбыз.
Ханчжоуда Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтіп жатыр.
Қазір Қазақстан медальдар кестесінде 11-орында тұр. Қоржында әзірге 26 медаль бар – 3 алтын, 4 күміс және 19 қола.
Турнирдің абсолютті лидерлері бұрынғыша – Қытай (200 медаль: 105 — 63 — 32), Жапония (99 медаль: 27 — 35 — 37) және Оңтүстік Корея (102 медаль: 26 — 28 — 48).