Азия ойындары алтыны мен үшін айрықша маңызды — Айбек Оралбай
НИШИО.KAZINFORM — Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында топ жарды. Спортшы финалдық жекпе-жектен кейін Kazinform тілшісіне шағын сұхбат беріп, алдағы жоспары туралы айтты.
Боксшы ақтық бәсеке тартысты өткенін, алйда алға қойған мақсатын орындағанын жеткізді.
- Финал өте тамаша өтті. Қарсыласым мықты боксшы, ол да реванш жасап, мені жеңіу үшін келді. Бір-бірімізді өте жақсы білеміз, бірнеше рет қолғап түйістірдік. Ал маған Азия ойындары алтын медалі айрықша маңызды. Сол себепті қоңырау соғылысымен бірден шабуылдап, басымдылықты соңына дейін сақтадым. Сериялық соққыларды да көбейттім. Бапкерлерімнің тапсырмасын толық орындап, мақсатыма жеттім,- деді Азия чемпионы.
Айбек Орлбай алда келе жатқан әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына дайындықты бастайтынын айтты.
- Қателіктерді саралап, деңгейімді ары қарай шыңдай түсемін. Бұйырса, Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары басты жоспарда болады,- деп қысқа қайырды боксшы.
Сөз соңында, спортшы барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін рахмет айтты.
Төрехан Сабырхан бүгін Қазақстан қоржынына араға 12 жыл салып Азия ойындарының алтын медалін салды.
Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Азия ойындары финалында Өзбек боксшысын жеңіп, чемпион атанды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Темірлан Тілеулес Азия ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақ таеквондошысы атанды.