Азия ойындары: Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинге есе жіберді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия ойындары
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Жапония, Гонконг және Филиппин.

Кездесу барысында ел құрамасы қарсыласына 59:83 есебімен есе жіберді.

Екі құрама бұған дейін 2015 жылы Азия кубогында бір мәрте шеберлік байқасты. Ол жолы Филиппин құрамасы 80:73 есебімен басым түскен еді.

Енді ел құрамасы 29 қыркүйекте Жапония, 1 қазанда Гонконг құрамаларымен кездеседі.

Баскетболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына бесінші мәрте қатысып отыр. Бұған дейін 1994, 1998, 2014, 2018 жылдарда жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар