Азия ойындары: Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы БАӘ-мен кездесті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

баскетбол
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөзқызметі

Ел құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық баскетболшылар қарсыласынан 59:49 есебімен басым түсті.

Енді олар 30 қыркүйекте Иранмен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, ел құрамасы бұдан бұрын Сауд Арабиясына 62:86 есебімен есе жіберді.

Еліміздің ерлер құрамасы қазірге дейін Азия ойындарына жеті мәрте қатысты. Жоғары жетістігі - 2002 жылы алған қола медаль.

Еске салсақ, бұдан бұрын еліміздің әйелдер құрамасы Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинге есе жіберді.

Енді олар 29 қыркүйекте Жапония, 1 қазанда Гонконг құрамаларымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар