Азия ойындары: Екі қазақстандық стенд атудан финалға өтті

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан қазақстандық екі спортшы ақтық кезеңге өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

азия ойындары
Фото: Тұрар Қазанғапов

Әсем Орынбай мен Ольга Панарина «скит» бағдарламасы бойынша жеке сайыста финалға жолдама алды.

2.Әсем Орынбай — 119 ұпай

4.Ольга Панарина — 117 ұпай

9.Зоя Кравченко — 114 ұпай

Еске салайық, “Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина алтын медаль жеңіп алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар